©
2019 жылдың 3-10 наурыз аралығында 101 қызметіне 24 дабыл түскен. Оның ішінде 8-і өрт, 14 жану жағдайы, 1 авариялық-құтқару жұмыстары. Бұл жөнінде mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 5 наурыз күні Қарақия ауданы Жетібай ауылында Ж. Мыңбаев көшесіндегі 4 бөлмелі пәтердің кіреберіс бөлмесі жанған. Жану көлемі 8 ш/м. Мамандардың мәлімдеуінше, зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ 6 наурыз күні Ақтауда сағат таңертең 7.00 шамасында №5 өндірістік аймақта «Mangystau Oil Refinihg» ЖШС қарасты модульдік кешеніндегі көмірсутегін өңдейтін МК ОPTIMA-65 құрылғысының К-З бағанасында фланецтерден аққан көмірсутегінің 427 ш/м көлемі жанып кеткен. Төтеншеліктердің айтуынша, 6 наурызда сағат 11.05-те Ақтаудағы 25-ші шағынауданда «Полимер» гараждық қоғамы № 204 гараждың жертөлесінде көрпе-төсек жанған. Гараждың жалпы көлемі 24 ш/м болса, оның 10 ш/м жанды. «8 наурызда сағат түнгі 1.34 шамасында шаһардың Шығыс-2 шағынауданында «Анвар» гипермаркетінің 1 қабатында орналасқан наубайханасында нан пісіретін пеш жанған. Сол күні Мұнайлы ауданы Қызылтөбе-2 ауылындағы өнеркәсіптік аумағында «СиБу» ЖШС Инженерлік бұрғылау мекемесінде темір контейнер жанған. Сонымен қатар 9 наурызда түнгі сағат 2.39-да Ақтау қаласында «Мастер Дом» гипермаркетінің артында орналасқан атауы белгісіз өнеркәсіптік аймақтың ішінде тұрған 40 тонналық контейнер толықтай жанып кеткен. Жалпы көлемі 30 ш/м. Бұл оқиғаларда ешкім зардап шекпеді. Аталған өрт оқиғаларының себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Сонымен қатар 10 наурыз күні Маңғыстау облысында тағы да 2 жану жағдайы болған екен. Сағат 11.13-те Жаңаөзен қаласындағы «Өндірістік аймақ» Өзенмұнайгаз мекемесінің МӨГБ-4, МӨГЦ-6, ТҚ-27 №3443 скважина жанында БЖБ мекемесіне қарасты КаМАЗ-43118 тіркемесімен тұрған труба тасымалдағыш автокөлігінің кабинасының жанды. Ал 2-ші жану жағдайы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында тіркелді. № 102 үйдің алдында тұрған «Audi80» маркалы автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі жанған. Төтеншеліктер жеткенге дейін сөндірілген екен. Зардап шеккендер жоқ. "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің сенім телефоны: 43-55-06.Ақкенже БЕРКЕНОВА
Көрнекі сурет сайт архивінен