Ақтөбеде перзентханада матрац жанып, 500-ге жуық адам құтқарылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Бүгін сағат 10:23-те Ақтөбеде перинатальды орталықтың жертөлесіндегі матрац жанды. Өрт 10:40-та өшірілді.Барлығы 175 адам құтқарылды. Оның 78-і бала, 97-сі ана. Сонымен қатар, 316 медицина қызметкері эвакуацияланды. Оқиға орнына 62 өрт сөндіруші мен 11 техника жіберілді. Апатты медицина орталығы мен Жедел құтқару жасағынан 7 адам, 2 техника барды. Жалпы ауданы 5 шаршы метр аумақ өртенді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Ақтөбеде перинатальды орталық қызметкерлерінің айтуынша, өрт шыққан кезде босану бөлмесінде 7 жүкті келіншек болған.