Ресейдің Красноярск қаласында қысқы спорт түрлерінен Универсиада-2019 сайысы өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті. Шаңғышы Әсет Дүйсенов күміс қанжығалады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Ол спринт финалында мәре сызығын екінші болып кесті. Әсет алғашында үштікті түйіндеп келе жатқан. Бірақ төрешілер ресейлік Иван Якимушкиннің нәтижесін есепке алмағандықтан, қазақстандық шаңғышы екінші сатыға жылжыған. Әсет ресейлік Александр Терентьевке жол берсе, оның отандасы Андрей Собакаревтан басым түсті. Айта кетейік, бұл – Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін фристайлшы Жанбота Алдабергенова қол еншілеген болатын.