©
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып Тимур Сәдуақасов тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Тимур Хабдуллаұлы Сәдуақасов 1983 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Бұған дейін Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды 2005 жылы Ақмола облыстық прокуратурасында бас маман; 2005-2008 жж. "Ska TRADE" ЖШС Ақмола облысы бойынша директоры; 2008-2009 жж. Көкшетау қаласы әкімінің кеңесшісі; 2009-2010 жж. Көкшетау қаласы кәсіпкерлік бөлімі басшысы; 2010-2013 жж. Ақмола облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары; 2014-2014 жж. Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары; 2017 жылдан бері Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.