©
Аудандық пошта бөлімінде ерекше «Ашық есік күні» өтті. Бұл күні пошта қызметін тұтынушылар тосынсыйға тап болды.
− Күн ыстық болғандықтан,біз сияқты кісілер үйден сәл шықсақ, шаршап, шалдығып қаламыз. Осындайда «іздегенге сұраған» дегендей, пошта ғимаратында дастархан жайылып, шәй дайындалып қойылыпты. Бір сәт болса да тізе бүгіп,шәй ішіп, кезегімді күтудемін.ШөберемАйбат сурет салып, сыйлық алды. Бүгінде пошта қызметі бұрынғыдай хат-хабар алысумен ғана шектелмейді. Біраз жұмысты бітіруге болады екен,-дейді зейнетақысын алуға келген Ажар әжей.
Ашық есік күнінде тұрғындар «Қазпочта» АҚ-тың «post.kz, postmarket.kz», сәлемдемелер супермаркеті және постамат секілді жобаларымен танысты. «Сұрақ-жауап» ойындарына қатысты.Кішкентай балақайлар «Қазпочта» туралы сурет сайысында өнерін паш етті. Жеңімпаздарға сый-сыяпат үлестірілді. Бір қызығы пошта тұтынушылары көтеріңкі көңіл-күйде тарасып жатты. Тіпті шағым дәптеріне алғысын жазып кеткендер де болды.
−Шараның мақсаты − «Қазпочта» АҚ-ның жаңа өнімдері мен қызметтерін таныстыру, жұмыс сапасын арттыру және клиенттерімізбен байланысты нығайту болатын. Сондықтан келген азаматармен тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өз қызметтерімізді түсіндірудеміз.
Соңғы жылдары «Қазпочтаға»жаңа мүмкіндіктер қосылуда. Айта кетер болсақ, бүгінде темір жол билеттерін алукез келген бөлімшеденқолжетімді. Сондай-ақ салықтар мен коммуналдық (жарық, газ, су) төлемдердіде комиссиясыз төлеуге болады. Алдағы уақытта әуежай билеттерін де сату жобасы бар. Сондай-ақ,ағымдағы жылдың соңына дейін аймақтанекі сәлемдемелер супермаркеті ашылады деп күтілуде,-дейді «Қазпочтаның» облыстық филиалының маркетинг және реклама, пиар секторының бас маманы Балдай Бораншаева.