Осындай тақырыппен тәртіп сақшылары аудан көлемінде акция жүргізуде. Полиция қызметкерлері ауылдардағы аялдамаларда, жаяу жүргінші жолдары мен мектеп лагерлерінде жолда жүруге байланысты ескерту, түсіндіру бетшелерін таратып, адам көп шоғырланатын орындарға үнпарақтар ілуде.
− Аталған шараҚР ІІМ-нің арнайы нұсқауына сәйкес,жаяу жүргіншілердің жүру қаіпсіздігін арттыру және олардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көлік апаттарын болдырмау, тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында өткізілуде. Акция барысында жазғы маусымда балалар көп жиналған лагерлерді, ауданға келіп-кететін қоғамдық көліктер мен жолаушыларды, жаяу жүргіншілерді қамтитын боламыз,-дейді аудандық жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция тобының қызметкері Жанат Сарбасова.
Біз қатысқан кезекті шара Дәулет ауылы мектебінен ұйымдастырылған «Ақжелкен» лагері мен Маңғыстау ауылындағы аялдамалар мен көлік жолында өтті. Лагерь оқушылары полиция инспекторының жол жүру тәртібітуралы сұрақтарына жауап беріп, ережелерден хабардар екендіктерін көрсетті.