©
Жақында аудан әкімінің орынбасары Берік Біләловтың төрағалық етуімен облыстық техникалық реттеу және метрология саласы мамандары семинар өткізді. Оған осы аудандағы өнім өндіруші мекеме-кәсіпорындар, кәсіпкерлер менбілім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Басқосуда Техникалық реттеу және метрология комитеті облыстық филиалының өкілдері Әсем Сабирова, Нұргүл Қосанқызы, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының жетекші маманы Аида Тастемирова, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Маңғыстау филиалының Сәйкестікті растау бөлімінің қызметкері Нұршат Кірпібаева, «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС-нің Сәйкестікті растау және менеджмент жүйесі бөлімінің жетекші маманы Нұрия Тасқали баяндама жасады. Олар Техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативті-құқықтық актілер,«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» ҚР Заңы, ҚР каталогтау жүйесі, өнімнің каталогтау парағы, елдегі және Еуразиялық экономикалық одақтағы техникалық реттеу, аталған одақтағы өнімнің сәйкестігін растау тақырыптарында түсінік берілді. Сондай-ақ нормативті құжаттарды өзектендіру, қоғамдық тамақтану қызметін сертификаттау, ұйымдарда сапа менеджментін сертификаттау және енгізу, сапа менеджменті жүйесі туралы ақпараттармен бөлісті.
− Бүгінгі күні сапа, экологиялық еңбек қауіпсіздігі және денсаулық, энергия менеджментін енгізбей, сертификаттамай бизнесті дамыту мүмкін емес. XX ғасырдың 80-ші жылдарында өнім мен қызмет саласы қарқынды дамып, тұтынушыға таңдау жасау қиындай түскенде, сапа туралы сұрақтар пайда болды. Осы кезде Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) нарыққа қызмет, өнім шығаратын кәсіпорын талаптары көрсетілген стандарттар шығара бастады. ISO 9001 стандартын енгізу кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасап, шығарылатын өнім мен қызмет сапасын арттыруды қамтамасыз етеді,-деді менеджмент жүйесін сертификаттау және енгізудің маңыздылығы бағытында мәлімдеген «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС-нің сәйкестікті растау және менеджмент жүйесі бөлімінің жетекші маманы Н.Тасқали.
Семинар барысында аудан кәсіпкерлері мен білім беру мекемесінің өкілдері асханалардағы тамақтануды ұйымдастыру бағытында сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Шахида ЖҰМАН