Облыс тұрғындарының жап-жаңа iPhone-ның иесі атануына тамаша мүмкіндік бар. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы бейне-конкурстың басталғанын хабарлайды.
- Егер сен салауатты өмір салтының қолдаушысы болсаң, үш-бес минуттық бейнеүзік түсір де, оны zoj-mangistau@mail.ru электрондық мекенжайына жіберіп, жеңімпаз атан. Байқауға қатысушылардың шығармашылық қиялы үшін келесі үш маңызды тақырыпты ұсынамыз. Олар: «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!», «Мен және менің дені сау отбасым», «Дені саудың-жаны сау». Өз қиялыңызбен түсірген жұмыстарыңызды бізге жіберіп, конкурсқа қатысып, бақтарыңызды сынаңыздар. Ескеретін жайт: әдепсіз сипаттағы, кемітулер мен нормативтік емес лексикадан тұратын, қандай да бір тауарлар мен қызметтерді пайдалануға шақыратын жарнамадан тұратын материалдар конкурсқа жіберілмейді. Облыс тұрғындарының әрқайсысы конкурсқа қатысып, жап-жаңа iPhone-ның иесі атана алады. Жұмыстар ағымдағы жылдың 1-тамызына дейін қабылданады,-дейді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының директоры Нұрсұлу Мұхамедиярова.
Қосымша мәлімет үшін төмендегі телефондарға хабарласуға болады: 8 (7292) 33-33-09; +7(701) 781 70 97 Мирас.
Венера МИРЛАН