Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында үй өртеніп, баспанасыз қалған әйел көмек сұрайды. Отбасының асыраушысы, екі қыздың әкесі өрт кезінде қаза тапқан. Қазір оларға көмек қажет, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Оқиға 2 ақпанда болды. 2019 жылы Мұнайлы ауданы Атамекен селолық округінде 3 бөлмелі үй өртеніп кеткен. Өр сөндірушілер таңғы сағат 7:25 шамасында ашу, бұзу жұмыстары кезінде үйінді арасынан 1 мәйіт табылғанын сайтымызда жазған едік. Тілсіз жау үйдің түгел аумағын шарпыған. Қайта қалпына келтіруге келмейді екен. Бүгін жергілікті БАҚ өкілдері зардап шеккен Крапивиннің отбасына көмек керектігін жазды. Үй-жайсыз қалған жесір келіншек мейірімді жандардың бей-жайсыз қарамайтынына сенеді. Дәл қазір 10 мен 13 жас екі жасөспірім қызға мектеп құралдары мен форма қажет. Атап айтқанда: дәптер, қарындаш, қаламсап, жейде, белдемше, аяқ киім. Бұл отбасы қазір туыстарының үйінде тұрып жатыр. Оларға қосымша кереует пен үстел қажет. "Қыздардың анасы қазір өрттеніп кеткен құжаттарын дайындаумен айналысып жүр", - дейді жақындары. Қыздардың бойы 165 және 148-150 сантиметр, аяқ киім өлшемі 37-38. Ал анасының бойы шамамен 160 сантиметр болса, ал киім өлшемі 46-48, аяқ-киімнің өлшемі 38 екен. Көмек көрсетемін деушілер +7 (778) 3-999-122, +7 (747) 997-91-98 (Татьяна) телефон нөмірлерге хабарласуына болады.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Көрнекі сурет сайт архивінен