Бұл жөнінде ӨКҚ-де Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандары мәлімдеді. «2018 жылы облыс бойынша 316 өрт оқиғасы тіркелді. 7 адам өрт салдарынан көз жұмып, 11 адам жарақат алды. 4 адам газдан уланып, 5 адам жарақат алды. Жыл бойы 101-ге 1430 дабыл түсіп, 43 адам жалыннан арашаланды. 1000-нан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттің басым бөлігі тұрғын үйлерде (121), автокөліктерде (117) кездеседі», - дейді өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқарма бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Александр Алексеев. Ал биыл жыл басынан бері 31 өрт оқиғасы тіркеліп үлгерген. 1 адам қаза болған. Төтеншеліктердің айтуынша, көп жағдайда өрттің тұтануына қауіпсіздік ережелерін сақтамау, ток көздерін дұрыс пайдаланбау, балаларды қараусыз қалдырып кету т.б. себеп болады. Сонымен қатар «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ӨТБ бастығы Елдос Ізбенов газ салдарынан болған төтенше жағдайларға тоқталып өтті. «2017 жылы 35, 2018 жылы 41 апат болды. Оның ішінде 2018 жылы 38 апат газ құбырында болды. 2 адам газдан уланды және өздеріңіз білетіндей, бір жарылыс болды», - дейді ол. Сондай-ақ былтыр қалада 1245 өрт қауіпсіздігін бұзу фактісі анықталып, шара қолданылған. Өрт жағдайларының алдын алу үшін төтеншеліктер түсіндіру, қаіпсіздік шараларын одан әрі жандандырған. «Прафилактикалық жұмыстар кезінде Ақтау қаласында жоспарлы және жоспардан тыс 455 нысан тексерілді. Прокуратура талаптары негізінде және арыздар бойынша. Соның 257 нысанда қауіпсіздік шараларының бұзылғаны анықталды», - дейді Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері аға лейтенантазаматтық қорғау майоры Назар Тенелхан. Ал қаңтар айынан бері 5 нысан тексерілген. Су басу кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 924 адам, 308 техника және 10 жүзу құралдары дайындалған. Қажетті көлемде материалды-техникалық қамтамасыздандыру резерві, сонымен қатар облыс әкімдігінен қаржылық резерв қарастырылған.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="71625,71626,71627,71628"]