Жуырда халыққа қызмет көрсету орталығында бөлім басшылары тұрғындармен кездесу өткізді. Жиынға ноториус Ж.Нұрбосынов, аудандық әділет басқармасының басшысы Ғ.Ауданбаева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева қатысты.
Екі жүзден астам қызмет түрін көрсететін мекеменің табалдырығы осы күнге дейін адамнан босаған емес. Шаруаңның бәрі құжатқа келіп тірелсе, оның көбі осы халыққа қызмет көрсету орталығынан орындалып жатады. Осындай қызмет көрсету барысында көпшіліктің кейбір жұмыстарға білдірген ұсыныстарына құлақ асқан мамандар мен орталық қызметкерлері кеңес беру жұмыстарын жүргізді. Жұртшылық жаңадан салынған халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін қызмет түрлеріне және бұрынғыдай бірнеше сағат кезек күтпей істерінің бітіп жатқанына ризашылығын білідірді.
Өз тілшіміз