Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 22 қызмет түрін электронды түрде көрсететін болды. Бұл анықтамаларды 15 минут ішінде e.gov порталындағы өзіңіздің жеке кабинетіңізден алуға болады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Министрлік тарапынан берілетін анықтамаларды адамдар енді тегін ала алады. Бұған дейін анықтамалар ақылы түрде берілетін еді және ол үшін сол мекемеге барып алу қажет болатын. Ал қазір туберкулезге қарсы ұйымнан алатын анықтама, наркологиялық ұйымнан алатын анықтама, психоневрологиялық ұйымнан алатын анықтаманы e.gov порталынан тегін алуыңызға мүмкіндік бар. Бұл анықтамаларды сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығынан да алуға болады.
Сонымен қатар бұдан былай медициналық ұйымға тіркелу тек электронды үкімет арқылы жүргізіледі.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Көрнекі суреттер сайт архивінен