Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» фильмі кинотеатрлардан көрсетіле бастады. Киноның желісі 1994 жылы Қазақстанның елордасы Алматыдан Ақмолаға көшіріліп, Астана деп аталуынан басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Режиссердың айтуынша, елбасы жайында кино түсіру – үлкен абырой.
«Сол кезеңде Қазақстанның астанасын көшіру туралы идея, шын мәнінде, ел келешегі үшін маңызы зор болды. Бұл шешімнің маңызын енді ғана толыққанды түсініп жатырмыз... Әрине, кез келген мемлекет пен қоғамның өз мәселесі болады. Проблемасы жоқ елді көрсетіңізші. Өзімізге қарамай, өзгені кінәлау оңай. Сөзге тиек етер, Д. Кеннедидің мына сөзін ұнатамын «Мемлекет маған не береді деп сұрама, мемлекетке мен не беремін деп сұра» - мұнда көптеген сауалға жауап бар», - деп жазды А. Сатаев инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Президенттің рөлін Мұрат Ахманов сомдады. Оны гримдеген Марк Кульер. Сценарийді Әділбек Жақсыбеков пен Тимур Жақсылықов жазды.
Айта кетелік, киноның түсірілімі былтыр желтоқсанда басталып, 2018 жылдың жазында аяқталды.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет brod.kz сайтынан алынды