Республикамыздың түпкір – түпкірінде жүзеге асып, біздің ауданымызда да көрініс тапқан «Мейірімді жүрекпен» жобасы аясында «Жас Отан» жастар қанатының аудандық филиалы мен аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен Шетпедегі мүжәлсіз отбасы және мүгедек балалары бар жанұяларға көмек көрсетілді.
Адамдар арасында мейірімділікті күшейту, қоғамның адамға деген қамқорлығын қалыптастыру, тұрмыстық қажеттілікке зәру жанұяларды киім - кешекпен қамту, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге шақырған акция барысында бірнеше отбасыға тұрмысқа қажетті заттар жеткізілді. Сондай-ақ, акция барысында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының қолдауымен бес мүжәлсіз отбасы және мүгедек балалары бар жанұяларына көмек өкрсетілді. Қол ұшын созған кәсіпкерлерге аудан тұрғындары алғыстарын жеткізді.
Ә.НҰРБЕРГЕНҚЫЗЫ, Аудандық жастар ресурстық орталығының бас маманы