«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының аймақ ауылдарын аралап, көшпелі қабылдаулар өткізу кестесіне сәйкес партияның облыстық филиалытөрағасының бірінші орынбасары Халила Нұрғалиева, қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Мұхамбет Жайлыбаев Қызылтөбе ауылына келді. Арыз-талаптары бойынша тұрғындарды тыңдады.
Партияның облыстық филиалы өкілдерінің қызылтөбеліктермен өткізген қоғамдық қабылдауына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалнияз Оңдабаев, облыстық мәслихат депутаты Табылды Әміров, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Зәуреш Нұрболат, ауыл әкімі Аман Арыстанов қатысты.
Ауыл тұрғындары Қаржау Төлеуұлы, Ұлболсын Нәубетова, Аман Ілиясов, Ілиясбай Каримов тарапынан ауылға көше жарығын орнату, жол және мектеп салу, ауызсу тарту, балабақшамен қамту, жұмыссыздық туралы айтылып, №2 орта мектепке күрделі жөндеу қажеттігі мен №13 автобус жайы қозғалды.
− 1981 жылдан бері осы ауылда тұрып, мектепте еңбек еттім. Қазір зейнетте болсам да немерелерім үшін барып тұрамын. Біз жұмыс жасаған жылдары мектептің төбесінен су өтушіеді, қазір де солай екен. Әрі мектептің алды мен көшесітар болғандықтан жол-көлік оқиғасы кезедесді. Жаяу жүргінші жолы да қажет,-деді Ұ.Нәубетова.
Мектеп мәселесі сөз болғанда облыстық мәслихат депутаты Т.Әміров қыстың күні білім ордасының астынан белгісіз су көзі шығып, жертөледегі оқушыларға арналған кейбір орындардың суда қалғанын айтты.
− Ауылымыздың электр желісі «Маңғыстауэнерго» мен «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-натиесілі. «Маңғыстауэнерго» қызмет көрсететін бөлікте көше жарығы тартылған, екінші компания қызмет көрсететін аумақтағы көшелер жарықпен қамтылмаған. Бұл жөнінде ауыл тұрғындары болып мекемеге хабарласқанбыз, әлі күнге нәтижесі жоқ. Бағаналары ескі. Не өздері жарық шамын орнатпайды, не бағаналарды «Маңғыстауэнерго» мекемесінің құзырына бермейді,-деді Қ.Төлеуұлы.
Тұрғындар келтірген сұрақтарға өз деңгейінде жауап берген «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары аталған мәселелердің мән-жайын анықтап, тиісті орындарға ұсынылатынын мәлімдеді.