Астана қаласында өтіп жатырған дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионатында маңғыстаулық қос дзюдошы әйелдер арасында Қазақстанның чемпионы атанды. Олар - 63 келі салмақта өнер көрсететін Ақниет Тұрдан мен 57 келі салмақта күресетін Анна Казюлина, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақниет Тұрдан 63 келі салмақта өнер көрсететін бірінші кезеңде оралдық дзюдошыдан басым түсіп, екінші кезеңде ақтөбелік дзюдошыны жеңді. Финалға дейін қос алматылық дзюдошы қызды жеңді. Ал финалда атыраулық спортшы Назгүл Құбашовамен кездесіп, алтын медаль мен Қазақстан Республикасының чемпионы атағын жеңіп алды.
Маңғыстау облысының қоржынына екінші алтын медальді 57 келі салмақта Анна Казюлина салды. Ол финалда тағы бір маңғыстаулық дзюдошы Камшат Қарасайқызымен кездесіп, А.Казюлина алтын медальді, К.Қарасайқызы күміс медальді иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ерлер арасында Бауыржан Нарбаев дзюдодан Қазақстан чемпионы атанған болатын.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суретті "Жас батыр" спорт мектебі ұсынды