Азия чемпионатындағы ескек есуден қазақстандық спортшылар екі алтын, бір күміс медальді еншіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, байдарка мен каноеде ескек есуден 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 20-25 қазан аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтуде.
Сондай-ақ ересектер арасындағы Азия кубогі додасы да жалауын көтерді. Қазақстандық спортшылар бүгінге дейін үш медаль олжалады.
23 жасқа дейінгі спортшылар арасында байдаркамен 1000 метрге жарысудан Александр Медведев 2-ші орын иеленді. Ал жасөспірімдер арасындағы дәл осы бәсекеде Кирилл Тубаев чемпион атанды.
Каноешілер сынында Алтынбек Қожахметке тең келер ешкім болған жоқ. Ол 1000 метрге жарысудан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атағына қол жеткізді.
Суреттер Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінен алынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="63897,63898"]