Ақтауда «Автобус» жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты, автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілр арасында көліктік тәртіпті арттыру мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтау қаласы аумағында қазан айының 18 мен 20 аралығында «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы Ақтау қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің жол және техникалық инспекция бөлімшесі және ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальонымен бірлесе отырып төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Қазан айының 18-19-20 күндері автобус құралдарының қатысуымен Ақтау қаласы бойынша барлығы 62 жол ережесін бұзу фактісі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылған.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590-бабы 8-бөлімімен (рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеген күйде басқаруға шығару ) 5 хаттама толтырылды. Сонымен қатар 590-бабы 7-бөлімімен (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау) 2 хаттама толтырылды. 590-бабы 9-бөлімімен (міндетті тех. байқаудан өтпеу) 2 хаттама, 617-бабы 1-бөлімімен (Т.Қ. және техникалық жағдайына жауапты лауазымды тұлғалардың және кәсіпкерлік басшылардың әкімшілік жауапқа тартылғаны) 3 хаттама толтырылды.
Пайдалануға тыйым салынатын КО ( алынған МТНБ айыппұл тұрағы) 4/2 мемлекеттік тіркеу белгісі алынып айыптұраққа уақытша жабылды. Әртүрлі жол ережесін бұзған жүргізушілерге 51 әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ