©
Еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың жай-күйіне мониторинг жүргізу аясында Маңғыстау облысының прокурорлары 566 қызметкерге 90 млн теңге жалақы бойынша берешекті анықтап, өндірді. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлады.
Мәселен, Ақтау қаласының прокуратурасы 2018 жылы наурыз-сәуір айларына «АБТМ» ЖШС-нің 176 жұмысшыға 44 млн теңге жалақы төлемеу фактісін анықтады.
Сондай-ақ дәл осындай берешек «ДИС» ЖШС-нің тарапынан да анықталды. Ол осы жылдың мамыр айына 130 қызметкерге 11,8 млн теңге жалақы төлемеген.
Қадағалау актілері бойынша жұмысшыларға тиесілі сомалар төленді, ал кәсіпорындардың басшылары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 87-бабының 1-тармағына сәйкес (еңбекке ақы төлеу ережелерін бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар жыл басынан бері қабылданған шаралар бойынша 12 банкроттық-кәсіпорындардың 404 жұмысшысына 94 млн теңге қарыз өтелді.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Көрнекі сурет сайттың архивінен