©
Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Құрманбек Жұмағалиұлы Жұмағали «Қазақ радиолары» ЖШС-ның Бас директоры болып тағайындалды. Бұл жөнінде qazradio.fm сайты хабарлады.
Ол 1985 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін 2008 жылы журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» Ұлттық телерадиокомпаниясы редакторлық бөлімінің штаттан тыс редакторы болып бастаған.
2007-2013 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ақпараттық бағдарламалар Дирекциясының продюсері, «Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі болды.
2013-2014 жылдары Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі;
2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Дирекциясының директоры, «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі,
2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ аймақтық дамыту Дирекциясының директоры;
2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры ҚҚ директоры;
2017 жылы «Алматы» телеарнасы Бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2017 жылдан Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы қызметін атқарып келді.
Көрнекі сурет сайттың архивінен