"Маңғыстауда қант тапшылығы байқалмайды", - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына сілтеме жасап.
Дегенмен, жергілікті билік екі ірі көтерме гипермаркетте адам басына 5 келі ғана қант сатуға шектеу енгізіп отыр.
"Бұл сусын және басқа да өндірушілердің тарапынан іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында жасалып отыр", - деп хабарлады құзырлы орган.
Бұған дейін Tengrinews.kz сайты Raimbek компаниясының сарапшыларына сілтеме жасап, Қазақстанда қант қоры аяқталуға жақын деп хабарлаған болатын.
Олардың есептеуінше, қант дүкен сөрелерінен екі аптаның ішінде жоғалып кетуі мүмкін екен. Мұндай тапшылықтың себебі - тамыз айында Кеден одағына кірмейтін елдерден қант тасымалдауға тыйым салатын қаулының күшіне енуі.
Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда өлкедегі қант қоры 31 тоннаға жетеді және қоймаға тағы 63 тонна қант келуі тиіс. Ал өңір тұрғындары бір күнде 1000 келі қант тұтынады.
Сурет 4mama.ua сайтынан