Бір апта бұрын Ақтауда әуежайға қатынайтын электроавтобус іске қосылды. Енді қалада «Ақтау – Халықаралық әуежай – Ақтау» бағытында №10 және №11 автобус тұрғындарға қызмет ететін болады. Бағасы 350 теңге.
Жолаушылар тасымалына арналған 47 орындық «Ankai» автобусы желдеткішпен, қол жүктеріне арналған сөремен қамтылған, 4 бейнебақылау құрылғысы орнатылған. Электр қуатымен жұмыс істейтіндіктен, экологиялық жағынан тиімді. Оны қуаттауға 2,5-4 сағат уақыт қажет. Бір рет қуатталған соң шамамен 160 шақырымды еңсере алады.
Электробус үнемі қуатталып отыру үшін арнайы ток стансасымен қамтылған. Алдыңғы бөлігінде сыртқы дыбыстарды қабылдағыш құрылғысы бар. №10 маршрут «Жерұйық» қонақ үйі жанынан жүріп қала іші арқылы әуежайға жетсе, №11 маршрут «Каспиан Ривьера» қонақ үйі жанынан жолға шығып, теңіз жағалауы арқылы өтеді. Электробус аялдамаларын кестеден көре аласыз. Сондай-ақ, infobus.kz сайты арқылы автобус аялдамалары мен уақытын анықтауға болады.
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="63521,63520,63519,63518,63516,63523"]