Қарақия ауданы – алғаш рет Маңғыстау мұнайы атқылаған құтты мекен. Маңғыстауға барлаушылардың табаны 1958 жылы тиген екен. Олар алдымен Қызан мен Түбіжіктен мұнай көзін іздегенімен, нәтиже шықпай барлау жұмыстарын Жетібайда жалғастырады. Арада үш жыл өткенде Маңғыстаудағы ең алғашқы мұнай бұрқағы 1961 жылдың 5 шілдесі Жетібайдағы №6 барлау ұңғысында атқылайды. Алғашқы мұнай табылғанға дейін де, одан кейін де мұнай кен көздерін ашып, мұнай қорын ұлғайтуда геологтардың еңбегі ерен. Осы маңызды саланың ардагерлерінің, мұнайшылар мен басқа да мамандардың елеулі еңбегін жас ұрпаққа көрсету мақсатында Қарақия ауданының 45 жылдығына орай Құрық ауылында геолог-барлаушылардың музейі ашылды. Музейдің ашылуына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Сқақов, Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы С.Тұрымов, ардагер геолог барлаушылар, аудан тұрғындары қатысты. https://youtu.be/KWcVzeUeZG8 Музейді ашу осы ауданның құрметті азаматы, қоғам қайраткері, ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы Тұрсынғали Көшенұлының идеясынан бастау алған. Геолог-барлаушылар музейіне қойылға жәдігерлердің барлығы да осы Т. Көшеновтің жеке архивінен алынған. https://youtu.be/VbzGuq5_8xQ Өлкедегі музейлердің бәрі Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының балансында болмайды. Аудан, қала көлеміндегі музейлер жергілікті атқарушы биліктің қарамағында болады. Ал Қарақия ауданындағы геолог-барлаушылар музейінің әрі қарай дамыту, экспозициялармен жабдықтауды елге белгілі азамат Төкен Жұмағұлов мойнына алып отыр. «Қарақиядағы геолог-мұнай барлаушыларға арналған музей көп уақыттан бері көтеріліп жүрген мәселе болатын. Өйткені Қарақия – мұнайдың бастау алатын түбегі. Бұл түбектен көптеген мұнайшылар, геолог-барлаушылар шыққан. Облыста осындай музейдің ашылғанына қуаныштымыз әрі әдістемелік көмек көрсетуге дайынбыз», - деді Маңғыстау облыстық мәдениет Пәния Сармурзина.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="62915,62917,62920,62921,62922,62923,62924,62925"]