Қазан айының 1-5 аралығында Шымкент қаласында өткен Таеквондодан Қазақстан Республикасының Чемпионатында маңғыстаулық жасөспірімдер 7 алтын, 2 күміс және 8 қола медальді қанжығаларына байлады. Чемпионат республикадағы /WT/ балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Олимпиядалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Олимпиядалық резерв дайындау орталығы және жоғары шеберлік спорт мектебі арасында өткізілді.
Республикалық жарысқа 2011-2012, 2009-2010, 2007-2008 және 2004-2006 жылғы балалар бақ сынады.
Маңғыстау облысынан және респбликаның әрбір аймағынан 1432 бала қатысты. Бұл чемпионат аудандағы, облыстағы, қаладағы ЖШСМ, БЖСМ мамандандырылған мектептерінің жылдық қорытынды есебінде өткізілді.
«Бұл жарыс жыл сайын өткізіледі. Жарысты үлкен деңгейде өтті деп айта аламын. Турнир Қазақстан чемпионаты алдындағы дайындық есебінде және өздерінің тәжірибелерін пайдаланып, толықтай тексеріп көрсін деген мақсатта балаларымызды апардық. Атап өтсем 2019 жылы қаңтар айында өтетін чемпионатқа балалар өз қарсыластарын және өз дәрежелерін көріп алды десем де болады", - деді Қ.Бектілеу атындағы Маңғыстау облыстық Таеквондо федерациясының жаттықтырушысы Қуанғали Дастанұлы.
Жеңімпаздарға жеңіс дәрежесіне сай медальдар мен дипломдар табысталды.Айта кетейік, таэквандошылар арасындағы жарыста бірінші үштікке ілінген спортшыларға, яғни алтын медаль алған балаларға ҚР-ның спорт шеберіне үміткер атағы берілді.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="62942,62943,62944,62945"]