©
Қызылсай ауылының әкімі ақша жымқырды деп айыпталуда. Бұл фактіні Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада.кз сайтына сілтеме жасап.
Ведомствода атап өткендей, ауыл басшысы Б.Іздіжанов ақшалай қаражат жымқырған. 1 қазанда ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
«Ол қылмыстық іс бойынша қосымша дәлелдердің жиналуына байланысты босатылды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деп хабарлады ведомствода.
Қосымша ақпарат хабарланған жоқ. Оған ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігі 3-тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша айып тағылуда. Оның айыбы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.