©
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
«2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 процентке көтеруді тапсырамын. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетін болады. Әрбір маманның жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қабілетіне баса назар аударылмақ.
Сондай-ақ Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті.
Бұдан бөлек, Елбасы биылғы Жолдауында 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатынын айтты.