©
Кеше Алматыда жергілікті полиция инспекторы өз әріптесіне оқ атқан болатын. Жараланған полицей ауруханаға жатқызылған.
«Дәрігерлер полиция қызметкерін аман алып қалуға барынша күш салды. Өкінішке орай, жасалған отаға қарамастан, ол түнгі 22:00-де көз жұмды. Қазір күдіктіні Алматы қалалық Ішкі істер департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері қамауға алды. Адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев.
А.Садубаевтың айтуынша, оқиға жергілікті полиция қызметі аумағында болған. Полицейлер кезекшілікке түсіп, қолдарына қару берілген кезде, біреуі қылмысқа бел байлаған. ҚР ІІМ хабарлауынша, полицейлер бір-біріне туыс болып келеді. Араларында отбасыық-тұрмыстық келіспеушілік туған.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет сайттың архивінен