Қыркүйектің 14-17 аралығында Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында 2002-2004 жылы туған жасөспірім ұл-қыздар арасында самбодан Қазақстан Республикасы чепионаты өтті. Аталмыш жарысқа еліміздің барлық өңірінен және Астана, Алматы Шымкент, Байқоңыр қалаларынан 18 команда қатысты.
640 спортшы 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Сайыста Маңғыстау облысының намысын 16 спортшы қорғады. Оның бесеуі жүлдеге ілігіп, тұғыр биігінен көрінді.
Атап айтсақ, 44келіде Айгерім Ретбаева (Маңғыстау ауданы), 55келі салмақта Айбек Сайлаубаев («Жас батыр» спорт мектебі), 78 келіде Олжас Қартбаев (Маңғыстау ауданы), 84келі салмақта Салауат Тоқсанов («Жас батыр» спорт мектебі) күміс медалдарын иеленсе, 46келі салмақта Нұрсұлтан Жұбатқан («Жас батыр» спорт мектебі) кола жүлде жеңіп алды.
-Маңғыстаулық самбошылар аталмыш жарысты төрт күміс,бір қола медальмен қортындылады. Жарысқа спортшыларымызды жоғары деңгейде дайындаған облыстық самбо күресінің аға бапкерлері: Берік Жұмағалиев, Жанғали Нұрдәулетов, Ерлан Серіковтерге МО спорт басқармасы және МО самбо федерациясының атынан алғысымыз шексіз, - дейді Жас батыр спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА