©
Қазақстан Республикасы Байланыс және коммуникациялар министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңін жүзеге асырып жатыр.
Қазіргі уақытта 100esim.el.kz порталында жобаға үміткерлердің өтінімдерін қабылдау функциясы енгізілді. Еліміздегі 100 есім қатарына енуге ниеттілер сол арқылы өз өтінімдерін жібере алады.
Айта кетейік, «Қазақстанның 100 есімі» жобасы «Рухани жаңғыру» аясында қолға алынған болатын. Мақсат – еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтарды насихаттау, сол арқылы қоғам санасын рухани жаңғырту.
Өткен жылы жобаға Маңғыстау облысынан 47 үміткер ұсынылған еді. Олардың ішінен екеуі «Қазақстанның 100 есімінің» қатарына кірді: дәрігер, хирург – Талғат Мұқантаев, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі - Владислав Трифонов.
https://www.youtube.com/watch?v=cel8TqSmoLo&feature=youtu.be