Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қазақстандықтардың орташа жалақысын атады, деп мәлімдеді Baq.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, жалақы бір қалыпты қарқынмен өсіп келеді. Биыл қаңтар мен шілде аралығындағы орташа айлық көрсеткіші 157,7 мың теңгені құрады және нақты мәнінде 2,3 пайызға өскен. Және еңбек нарығында тұрақтылық сақталып отыр. Сондай-ақ жыл басынан бері 297,1 мың адам жұмысқа орналастырылған. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады.
Сурет ғаламтордан алынды