Ауданның әкімі болып Айдос Хамиев тағайындалды. Облыс басшысы Ералы Тоғжанов бүгін жаңа әкімді көпшілікке таныстырды. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айдос Хамиев 1985 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласында туған.
2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығын, 2009 жылы Орталық- Азия университетінің «заңтану» мамандығын тәмамдады.
2015 жылы Алматы Менеджмент Университетін, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызметі академиясының магистратурасын бітірді, МВА.
Еңбек жолын Ақтау қаласында «Бисентин» ЖШС құрылыс учаскесінің мастері қызметінен бастаған.
2008-2009 ж.ж. Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды реттеу бөлімінің бас маманы;
2010-2012 ж.ж. Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма бастығы;
2012-2015 ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Ақмола облыстарында мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау және лицензиялау бойынша басшының орынбасары, басқарма басшысы;
2015-2017 ж.ж. Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары;
2017 жылдың 18 тамызынан бастап Түпқараған ауданының әкімі лауазымына тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.