Маңғыстау қысқа әзір ме?
[ 2018 ] 24 тамыз, 07:37 | Жаңалықтар
«Қыстың қамын жаз ойла» деп аталарымыз біліп айтқандай, тамыздың аяғына қарай күздің лебі білініп, қаладағы көше бойлары қысқы маусымға дайындыққа қызу кірісіп кеткен техникаларға толып кетеді. Алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпарат сұрағанымызда облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Сапар Аманбеков былай деп жауап берді:
- Облыс бойынша негізгі ірі энергия өндіруші және таратушы кәсіпорындары «МАЭК – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС және «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ болғандықтан дайындығы келесідей:
- «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бойынша негізгі қондырғылардың дайындығы 85%-ды құрайды және штаб отырысында 2 рет тыңдалды.
- «МЭБК» АҚ бойынша дайындығы 90%-ды құрайды. Аталған кәсіпорындардың дайындығы өте жақсы деңгейде жүріп жатқандығын атап өтуге болады.
Ал әлеуметтік салалар бойынша дайындық жұмыстары төмендегідей:
- Білім беру нысандары – 388 білім беру нысанының 369-ы дайын (95%), қалған жұмыстар ағымдағы жылдың 25 тамызға дейін толықтай дайын болады.
- Денсаулык нысандары – 102 денсаулық нысанының 91-і дайын (89%), қалған нысандар (Бейнеу селосы емханасы) ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін дайын болады.
- Әлеуметтік нысандары – 140 бірлік әлеуметтік нысанының 122-сі дайын (87%), қалған жұмыстар ағымдағы жылдың 25 тамызға дейін толықтай дайын болады.
- Тұрғын үй бойынша – 1541 көпқабатты үйдің 1356-сы дайын (88%), (сумен сынау және жуу жұмыстары), қалған үйлер ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін дайын болады.
- Қазандықтар бойынша – 390 қазандықтың 331-і дайын (85%), қалған нысандар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады.
- Жылу желілері бойынша – 779,72 км жылу желісі бар. Оның ішінде жөндеу жоспарланған 8,785 км желінің 7,5 км (85,2%) жөнделді, қалған жұмыстар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін толықтай аяқталады.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
781
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.