Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты аудандық мәдениет үйінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Елтаңбам - Елдігім, Туым - Теңдігім» деген тақырыпта жастар форумы өтті. «Қазақстан – 2050» даму стратегиясын ауыл жастары арасында кеңінен насихаттау, патриотизмді дамытумен қатар мемлекеттік рәміздерді ұлықтауды басты мақсатқа алған форумға Маңғыстау техникалық колледжінің студенттері, тәлімгерлер мен жалпы білім беретін ұйымдардың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері қатысты. Форумда алғаш сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева Елбасымыздың Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруға бір ауыздан атсалысуға, «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жолдауын идеясын қолдауға шақырды.
Биыл алғаш рет өткізіліп отырған форум аясында жастар саясаты мен азаматтық қоғам қалыптастыруда өзіндік үлес қосқан жас көшбасшыларға «Жастар Форумының сыйлығы» аудан бойынша ҰБТ – дан ең жоғарғы 123 ұпай жинаған Онды орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері Л.Мұқыр, Онды селолық округінде есеп жөнінде инспекторы А.Сүйетбаева, Тұщыбек ауылы Отпан селолық округінің жастар және спорт жөніндегі инспекторы Д.Советова, Өтес селосы әкім аппаратының спорт және мәдениет жөніндегі инспекторы, «Өтес» құрама командасының белді мүшесі Б.Рамазан, «Нұрай» балабақшасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д.Қоржұмбаева, «Шайыр» волейбол құрама командасының белсенді ойыншысы К.Мырзатаевқа табысталды.
А.СЕЙТНАЗАРОВА Жастар ресурстық орталығының маманы