2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының бойтұмарлары алғаш рет жапон жұртшылығымен ресми түрде кездесті. 22 шілде күні бойтұмарларға ат қойылып, Жапония астанасындағы мыңдаған адамдар жаңа маскоттармен танысты.
2020 жылы Токиода өтетін Ойындардың бойтұмары болып Мирайтова және Сомэйти бекітілген еді. Мирайтова атауы жапонның «болашақ» және «мәңгілік» сөздерінен құралған. Бойтұмарға ат таңдауда болашаққа қадам басып, әлемдегі барша халықтың жүрегіне мәңгілік сенім орнату мақсаты болды.
Сомэйти жапоншадан аударғанда гүлдеген сакураның сортынан туындаған сөз. Сомэйти қиындыққа мойымай, шекараларды бұзып өтетін паралимпиадашылардың басты бойтұмары болмақ.
Мирайтовада Токио-2020 Ойындарының эмблемасында кездесетін көк гүл іспеттес өрнек бар. Мирайтова әділдік пен спорттың белгісі. Бойтұмар тез арада қозғалу қабілетіне ие.
Сомэйти – гүлдеген шие мен ерекше күшке ие такстильді сенсорлары бар кейіпкер. Сомэйти шие түстес антенна арқылы телепатикалық түрде хат жібереді. Ол өзінің плащын пайдаланып ұша алады. Сомэйти өте сабырлы, бірақ керек кезінде үлкен күшке ие екенін көрсетіп, төзім мен мықтылықтың белгісі болған паралимпиадашыларды сипаттайды.
2017 жылдың желтоқсаны мен 2018 жылдың ақпаны аралығында Жапония мен шетелдердегі жапон мектебінің бастауыш сыныптарында оқитын 75 пайызға жуық оқушы өздерінің сүйікті бойтұмарларына дауыс берді.
Мирайтова мен Сомэйти сандық әлемде өмір сүреді.
Еске сала кетейік, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының басталуына тура екі жыл қалды. 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында Жапония астанасы Токио ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарын қабылдайды.
https://www.youtube.com/watch?v=3CY9_cCHqDM