©
Бұл жөнінде Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл мәлімдеді. Облыс әкімдігінде Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында өлкеміздің ауыл шаруашылығының дамуы мен нәтижелері сөз болды.
Елімізде Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында жайылымды суландыру мен шалғай жайылымдағы мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударылған.
-2017 жылы 1030 гектар жерге, оның ішінде тамшылата суару әдісімен 800 гектарға көкөніс, бақша дақылдары егіліп, одан 15 800 тонна өнім алынды. Ал биылғы жылы 1100 гектар жерге егін егіліп, 16 800 тонна көкөніс, бақша өнімдері алынады деп жоспарланған болатын. Алайда жаңадан қосылған жылыжайлар есебінен бұл көрсеткішті 18 000 тоннаға дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Облыста 2016-2017 жылдары ет, шұбат өндіру, мал сою, көкөніс-бақша дақылдарын қндіру бағытында барлығы 20 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Қазіргі таңда 20 кооперативтің 13-і жұмыс жасап тұр, 6 кооператив өз жұмысын тоқтатуда, - дейді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл.
Республика бойынша егін шаруашылығын цифрландыру бойынша жыл басынан бері 7 ай ішінде облысымызда 1160,08 га аумақ картаға енгізілген.
ҚР Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында, 2017 жылы облысқа 474 млн теңге бөлініп толықтай игерілген болатын. Нәтижесінде 130 адамға несие беріліп, шамамен 219 адам жұмыспен қамтылды.
Биылғы бөлінген қаржы – 1 244 млрд теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда - 3 есеге көбейіп отыр. Егер осы қаражатты толық игерген жағдайда, шамамен 500 адамға несие беріліп, 750 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Басты сурет сайттың архивінен