©
15 маусым күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тиісті Өкімге ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 15 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», - делінген онда.
Өкім бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Сурет сайттың архивінен