Делегация мүшелері бүгін университет ұстаздарымен жəне білімгерлерімен кездесті. Дағыстандықтардың Маңғыстауға сапары Астана қаласынының және «Дағыстан» этномәдени бірлестігінің 20 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» шарасы аясында ұйымдастырылды.
Есенов Университетінің ректоры Берік Бахытжанұлы дағыстандық қонақтарды жылы лебізбен қарсы алып, екі ел арасындағы, оқу орындары арасындағы ынтымақтастық жөнінде сұхбаттасты. Одан соң дағыстандық делегация университетті цифрландыру бағыты бойынша жасақталып жатқан «Бір терезе» принципі бойынша студенттерге қызмет көрсету орталығымен, «теңіз оқу-жаттықтыру орталығы» жұмысымен танысып, ой бөлісті. Сонымен қатар үниверситеттің Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасында болды. Кездесу барысында екі тарап екі елдің ынтымақтастық түйіндері және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ой бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Келешекте екі елдің арасында ғылым және білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық әрі қарай жалғастыру тақырыбы талқыланды.
Теңге Бекмұрзаева