©
Түпқараған ауданына қарасты 8 мектептің 187 түлегіне аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында «Ақ жол, жас түлек!» атты шара ұйымдастырылды. Осы түлектер ішінде 16 түлек халықаралық ғылыми жоба жеңімпаздары ретінде ҰБТ-дан босатылған. 144 түлек биыл елімізде он үшінші рет ұйымдастырлығалы отырған ҰБТ-ға қатынасып, мектеп бітірушілердің 77 пайызын құраса, орта ұпай - 87,7 пайыз. Бұл облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. 5 «Алтын белгі», 5 «Үздік аттестат» иелерін түлетіп отырған ауданның білім саласындағы жетістіктер жетерлік.
Түлектерді ақ жолға шығарып салу шарасына аудан әкімі Темірбек Асауов Тыйылұлы, Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова Жұмағалиевна, «Нұр Отан» партиясының Түпқараған аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Демеген Садықов, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Дәл осы кеште ҰБТ қорытындысы аталып, үздіктер марапатталады. Облыс әкімі Алик Айдарбаев қолынан алтыннан белгі тағынған ауданымыздың 5 оқушысына ата –аналарымен бірге аудан әкімінің қолынан «Алғыс хат» және бағалы сыйлық "ноутбук" сыйға алды. "Үздік аттестат" иелері де ата-аналарымен бірге дәл осындай сыйдың иесі атанды.
Бір мектептің бір сыныбынан 4 «алтын белгі» мен 5 «үздік аттестат» иелерін оқытып шығарған, құрылғанына 2 жыл толса да жетістіктері жетерлік, ауданды ғана емес, облысты республикалық, халықаралық байқауларда танытып жүрген Тілеубаева Қаламқас Қалиқызы басқаратын Ақшұқыр мектеп-лицейі «Үздік мектеп» номинациясымен марапатталып, бағалы сыйлық "ноутбук" иеленді.
Сонымен қатар, халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысушылар мен 100 пайыздық көрсеткіш берген үздік ұстаздар, жүзден жоғары балл жинаған түлектер де кеш барысында марапатталды.
Милана ЕЛЕУСІНОВА
Суретті түсірген автор
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="5332,5333,5331"]