©
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында 2018 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық пен облыстық құрылыс басқармасының 2018 жылға арналған негізгі мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу сынды бірқатар мәселелер қаралды.
2017 жылы Ақтау қаласына дренаждық жүйе құрылысын салуға қала әкімдігінен 45млн. 835мың тенге бөлінді. Қаладағы жаңбыр Су жиналатын 12 учаскенің, қазіргі таңда 10 участкесінің құрылыс жұмыстары аяқталды. ТЖ алдын алу және оның салдарын жоюдағы арнайы шараларды жүзеге асыру үшін күш-құрал тобтары жасақталған, оған 924 құрайтын жеке құрам және 308 бірлік техника, 10 жүзу қайықтары, 42 Су сорғыш құралдар (мотопомпа), сонымен қатар қажет болған жағдайда 7 шұғыл ден қою жасақтарының 575 жеке құрамы және 112 бірлік техникалары жұмылдырылады.
«Су басу қатерлерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар кешені» Жол картасына Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданының дренаждық жүйелері құрылысын салуға 2 жоба еңгізілді. Құрылыстың жалпы қаражаты 2,048621 млрд. теңге құрайды», - деді туралы Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев
Атамекен, Басқұдық ауылдық округтеріне жер асты суларымен жауын суларын ауыл сыртына шығару үшін дренаж жүйесін және нөсерлі канализациясын салуға ЖСҚ-сы жасақталған болатын. Жобаның жалпы құны 1, 443 млн.теңге (Басқұыдық ауылдық округіне 428,8 млн.теңге. Атамекен ауылдық округіне 1013, 9 млн. т). 2018 жылығы нақтылау кезінде қаржы қарау үшін Қаржы министрлігіне ұсыныс берілді.
«Жаңаөзен қаласына қарасты Бостандық, Рахат, Жұлдыз, Ақсу, Мерей ауылдық округтеріне дренаж жүйесі құрлысын салуға ЖСҚ-сы жасақталған болатын. Жобаның жалпы құны 605,0 млн.теңге. Қаржысы «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша сұралуда», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл.
Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова баяндады.
2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыстағы 273 мемлекеттік органның (ЖАО – 171, ОАО бөлімшелері - 102) мемлекеттік қызметшілерінің
Олардың ішінде әйелдер саны – 1645 немесе 59% (республика бойынша бұл көрсеткіш – 55%).
«Бос орындар саны - 159, яғни штаттық бірліктің 11,8% құрайды. Бүгінгі таңда жалпы штаттық бірліктің 88,2% қамтылған. Өткен жылға қарағанда бос орындардың толығуы жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен жәрмеңкелердің нәтижесі деп атауға болады.
Жалпы конкурс бойынша жарияланған 385 бос орынның 360 үміткерлер тағайындауға ұсынылған. Оның, 172 адам төмен тұрған лауазымдарға және 50 үміткер өзге лауазымдарға тағайындалған.
Қалған 163 бос орынға үміткерлер болмаған. Жалпы конкурс бойынша бір орынға 0,9 адамды құрады. Үміткерлер болған 374 конкурстық іріктеудің әңгімелесу кезеңіне байқаушылар мен сарапшылардың қатысуы 337-90, 1% қамтамасыз етілді.
Есептік кезеңде 797 бос және уақытша бос лауазымдарға конкурс жарияланып, 337 бос орынға үміткерлер қатысып, тағайындалуға ұсынылған.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сурет сайттың архивінен