Ақпан айының 17-18 күндері Шымкент қаласында «Қызыл доп» теннис турнирі өтті. Оған өңірден 6 спортшы қатысты. Турнирден ақтаулық Төлепбергенов Диас жеңіспен оралды. Бұл туралы Ақтау қалалық теннис орталығының басшысы Азат Мангубаев хабарлады.
Жарысқа Астана, Шымкент және Ақтау қалаларынан 6-8 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатысты.
Қорытындысында жерлесіміз Төлепбергенов Диас ұлдар арасында, ал шымкенттік Волкова Виалета қыздар арасында топ жарды.
Сондай-ақ Ақтаудан барған 7 жасар Нұрланқызы Даяна екінші, Түркменбай Меруерт төртінші сатыға тұрақтаған. Теннисші бүлдіршіндерді сайысқа алып барып, қолдаударын аямаған жаттықтырушылары - Жәнібеков Берекет және Дегениязова Мадина.
Айта кетейік, турнирге қатысқан барлық 35 жас теннисші «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясымен марапатталды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер Азат Мангубаевтан алынды [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="48685,48683,48682"]