Ақтау қаласының басшысы Ғалымжан Ниязов халыққа есеп беру кездесуінде осылай деді. Құрылыстың құны – 333 млн теңге болмақ.
Мұнымен қоса, суға түсу маусымында қаладағы теңіз жағалауларын құтқару шеңберімен қоршау, 4А шағын аудан жағажайын полиция бекетімен қамтамасыз ету жоспарланған.
Әскер жағажайы – суға түсу маусымында апаттық жағдай жиі болатын орындардың бірі. Бұған дейін бұл жағалауда бақылау мұнарасы орнатылғанын жазғанбыз.
Сондай-ақ қазіргі таңда «Жылы жағажай» жағалауының туристік аймағын дамыту үшін егжей-тегжейлі жоспар әзірленген. «Жылы жағажай» - МАЭК-тен «Алау» балалар лагеріне дейінгі 25 шақырым қашықтық. Қазір ол аумақта 12 демалыс кешені жұмыс істейді, оның ішінде 2 балалар лагері бар.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="47302,47304"]