• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Ақтау аққулары туралы қызықты 12 дерек

    [ 2018 ] 23 қаңтар, 13:27  |  Жаңалықтар

    ©

    Аққудың Ақтауға оралуы – бұл тұрғындар жыл сайын күтетін қуанышты күн. Отбасымен бірге теңізге ағылған жұрт аққуларды көруді аңсайды. Махаббаттың символына айналған құстың теңізде тербеліп жүзуі, мойнын бұрып су ішуі, жемін іздеуі, билеген секілді ерекше қимылы - осының бәрі бақылап тұрған жанға керемет көңіл-күй сыйлайды. Өлкемізде тұрып жатқан көпшілік отбасының ескі альбомын ақтарып отырсаңыз, аққулармен түскен тамаша суреттің куәсі боласыз... «Жұбайым ең алғашқы кездесуде теңіз жағалауына, аққуларды көріп, серуендеп қайтуды ұсынды. Сол күн біздің махаббатымыздың бастауына айналды», - дейді Меруерт есімді келіншек. Міне, кейбір жұптар үшін жаны да, сырт келбеті де сұлу аққу құсы келетін жағажай құтты, қасиетті мекенге айналған.

    Аққуды өз көзімен көру үшін арнайы өзге облыстардан келетін қонақтар да көп. Осылай Каспий жағажайы тек жазда емес, туристер үшін қыс мезгілінде де қызықты. Сонымен, біздің редакция өлкемізді мекен ететін аққулар туралы ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап іздеді.

    Қызықты сұрақтарға «Қолдау-Қазахстан» көппрофильді коммерциялық емес холдингі жанындағы «Қолдау-Экология» мамандандырылған орталығының жетекшісі Әділбек Қозыбақов пен «Эко-Мангистау» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин жауап берді, сондай-ақ ғаламтордан алынды.

    • Аққулар Ақтауға, Каспий жағажайына қай жылдардан бері келе бастады?
    • Ә. Қозыбақовтың айтуынша, мамандар Ақтауға аққулар 40-50 жылдан бері келіп тұрады деп көрсеткен.

    • Аққулар Ақтауға қыстың дәл қай уақытында келе бастайды?
    • Дәл уақытын дөп басып айту қиын. Кей жылдары қарашаның соңында келе бастаса, кейде желтоқсанның басында ұшып келеді.

    • Маңғыстауға келетін аққулар аққулардың қай түріне жатады? Ерекшелігі неде?
    • Сыбырлақ аққу (лебедь-шипун) және сұңқылдақ аққу (лебедь-кликун). Сұңқылдақ аққу Қызыл кітапқа енгізілген. Ерекшелігі тұмсығында, мойнында және пішінінде.

      Сыбырлақ аққу – қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның жазық аймақтарындағы су айдындарында кездеседі. Саны сұңқылдақ аққуға қарағанда көп. Денесінің ұзындығы 180 см, қанатын жайғанда ұзындығы 260, қанатының ұзындығы 70, құйрығының ұзындығы 18 см, салмағы 8–13 кг. Қоразы мекиенінен ірі. Қауырсыны аппақ, балапанында сұр түсті болады. Мойны жіңішке, қызыл түсті тұмсығында қара бұдыр анық көрінеді. Аяғы көбінесе қара түсті. Суда жүзгенде мойны иіліп, латын әліпбиіндегі S әрпіне ұқсайды. Ұшқан кезде дыбыс шығармайды, мазасызданған кезде кейде сыбырлағандай болады, құстың аты осы қасиетіне қарай қойылған. Жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, ұясына 5–7 жұмыртқа салып, оны мекиені бір айдай басады. Қазан айының соңында жылы жаққа қайтады. Негізінен су астындағы өсімдіктермен, ішінара омыртқасыздармен де қоректенеді. Өте сымбатты және кәсіптік маңызы бар құс.

      Сұңқылдақ аққу ­– Қазақстанда кең тараған болатын, қазір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс-қоғалы ірі көлдерді мекендейді.

      Кіші аққудан ірірек келеді: ұзындығы 140-160 см, қанатжайымы - 205-235 см, ал салмағы 8-15 кг болады. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы. Аққудың бұл түрін Линнеус (Linnaeus) 1758 жылы ашты.

    • Аққулар Ақтау жағажайына қайдан келеді?
    • Ақтауға келетін аққулар Қаракөл көлінен бөлініп барады екен, олар ұшып қайтадан Қаракөлдегі аққуларға қосылады. Себебі қаракөлдегі аққулар қысы-жазы сол жерді мекен етеді. Сонымен Қаракөлдегі аққулар мен Ақтау жағажайына келетін аққуларды бөліп қарауға болмайды.

    • Бұған дейін Каспийде аққулардың өлі табылғаны туралы айтылып жүр. Биыл мұндай жағдай кездесті ме?
    • 2016 жылдың желтоқсанында 2 аққу өлі күйінде табылса, қаңтарда тағы да 2-еуі табылды. 2016 жылғы қаңтарда 14 шағынаудан жағалауында мұндай оқиға кездесті. К.Осиннің айтуынша, биыл «Эко-Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы мұндай оқиғаны тіркеген жоқ, тұрғындар тарапынан да мұндай арыз-шағым түспеді.

    • Соңғы жылдары Каспий жағасына келетін аққулардың саны азайып барады. Неге?
    • К.Осин: Иә, бұған дейінгі жылдары Ақтау жағалауында аққу көп шоғырланған. Соңғы 5 жылдықта қалада олардың саны күрт төмендеп кетті. Бірақ Қаракөл көлінде олардың саны 300-ден асады. Аққулар келетін тұрақты мекенде соңғы жылдары үлкен өзгерістер болды. Жағажайда үлкен бизнес орталықтар бой көтеріп, жел кезінде қосымша кедергі болып тұратын кафе бұзылды. Яғни, мұнда микроклимат, архитектура өзгерді, бұл құстарға әсер етуі мүмкін. Ал тұрғындар бұрынғыдай аққуларды тамақтандырып келеді.

    • Аққулар көбею үшін тұрғындар не істеуі керек?
    • Ә.Қозыбақов: Алдымен теңіз жағасын таза ұстау маңызды. Бұл тұрғындарға байланысты. Пакет, қағаз-қоқыстар сол жердегі ауаны ластап, суды бүлдіреді. Сондай-ақ аққуды үнемі жемдеп тұрсақ - көбейеді, жемдемесек - азаяды.

    • Аққуларға нан беруге бола ма? Тұрғындар аққуларды қалай тамақтандырған дұрыс?
    • Ә.Қозыбақов: Егер консерванттар мен бояғыштарсыз дұрыс нан болса, нанның аққуларға зияны жоқ. Бұл әдемі құстар тұрғындардың оларды тамақтандыратынын біледі, сол себепті ұзақ жылдардан бері үзбей келіп тұрады. Бірақ тек қана нанмен емес, басқа да жем беруге болады, мысалы комбикорм, ұсақталған көкөніс.

      К.Осин: Құстарға жем беруге болады, бірақ оларды шамадан тыс көп тамақтандырмау керек. Қатты аяз кезінде құс тұмсығымен ала алмаса ғана жем беруге болады. Егер тұрғындар аққуларға пайдасын тигізгісі келсе, салат жапырағы, ұсақталып кесілген сәбіз, консервіленген жүгері берген дұрыс. Ал нан тек ақ ұннан жасалған сапалы өнім болса, аз мөлшерде беруге болады. Бірақ әр адам қолына бір бөлке нан ұстап келсе, нанның мөлшерін анықтау мүмкін емес. Сол себепті біз аққуларға нан бермеуге кеңес береміз. Жағажайға тұщы суға арналған астауша орнатып, тұрғындар ішуге жарамды су әкелетін болса, тіпті жақсы. Әзірге мұндай астаулар жағажайда жоқ.

    • Қазақстанда құстар қыстайтын тағы қандай аймақтар бар?
    • Қазақстанда құстар қыстайтын, яғни құстар үнемі шоғырланатын, суы мұз болып қатпайтын су айдындары көп емес: олар Маңғыстау облысындағы Каспий жағалауы мен Қаракөл көлі, ОҚО-ндағы Шардара мен Бадам су қоймалары және Алматы облысындағы Сорбұлақ көлдері мен Қапшағай каньоны.

    • Қаракөл көлі қайда орналасқан? Ол жаққа кез келген адам барып аққуларды тамашалай ала ма?
    • Қаракөл көлі – «МАЭК-Казатомпром»  мекемесінің су тұшыту кезіндегі суды қайнату үшін 60 жылдары пайдаланылған көл. Маңғыстау облысының аумағында орналасқан «Қара көл» көлі жалпы аумағы 137, 5 мың гектар алқапты алып жатыр. Көл – республикалық маңызы бар Қарақия – Қаракөл ерекше қорғалатын зоологиялық табиғи қаумалдың бір бөлігі. Қаракөл көліне кез келген адам бара алмайды. Көл аумағы қоршалмаса да баруға тыйым салынған. Ол Үстірт қорығының қарамағына жатады, қорғауға алынған. Үстірт Құстарды қорықтың инспекторларынан арнайы жазбаша рұқсатнама алынған жағдайда барып тамашалауға болады.

    • Қаракөлде қандай құстар шоғырланған?
    • Ә.Қозыбақов: Бұл сулы-батпақты алқапта әр түрлі мерзімде 175 түрлі суда жүзетін және су маңында өмір сүретін құстар тіршілік етеді. Оның ішінде 20-дан аса құс Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бұған сұңқылдақ аққу, бұйра және алқызыл бірқазан, сары, египеттік және кішкентай аққұтан, қоқиқаз, қалбағай, қарабай, қарабасты өгізшағала, аққұйрық су бүркіттері және т.б жатқызуға болады.

      2018 жылдың қаңтарында Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен Әділбек Қозыбақов бастаған мамандар, орнитологтар Қарақия-Қаракөл мемлекеттік экологиялық қорықшаның бөлігі болып есептелетін Қаракөлдегі құстар санағын жүргізді. Сонымен нәтиже төмендегідей: 6 сұңқылдақ аққу, 4000-ға жуық сыбырлақ аққу, 300-ден аса барылдауық (жабайы үйрек), 70 сүңгуір үйрек, 50-ге жуық өзен қарқылдауығы, 2 анықталмаған ителгі, 3 аққұйрық субүркіті және 200-дей әр түрлі шағалалар.

    • Қаракөлдегі аққулар мен Каспий жағалауы аққуларының айырмашылығы неде?
    • Ақтауға келетін аққулар Қаракөл көлінен бөлініп барады екен, олар ұшып қайтадан Қаракөлдегі аққуларға қосылады. Сол себепті Қаракөлдегі аққулар мен Ақтау жағажайына келетін аққуларды бөліп қарауға болмайды.

      Дайындаған Айгүл ДӘДЕН

      Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

      9947
      Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
      жаңалықтар қызық дерек анонс
      Image placeholder

      Маңғыстау Медиа

      Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

      Алдыңғы жаңалық

      1 ақпанда түпқарағандық ауруханалар қағазсыз құжат алмаса бастайды

      Келесі жаңалық

      Басқұдықтағы мәселе: электр тасымалдау қымбат па?

      Пікірлер


        Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
        Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстаудағы Қаракөлге қоқиқаздар ұшып келді

      [ 2019 ] 6 наурыз, 06:48
      2271

      Маңғыстау облысы халқының саны 673 мыңнан асты

      [ 2018 ] 16 қазан, 12:31
      5048

      Түз тағысымен бетпе-бет

      [ 2018 ] 14 қыркүйек, 11:39
      2174

      «Ғарышкер болмағанда мұғалім болар едім» - А.Айымбетов

      [ 2018 ] 12 сәуір, 04:56
      1355

      Ақтауда ең көп қойылатын есім - Әлихан мен Айзере

      [ 2018 ] 9 ақпан, 09:30
      2129

      Қарсыласудан қорықпаңыз... (Жапон даналықтары)

      [ 2018 ] 5 ақпан, 11:05
      1586

      Рубрикалар

        Жастар бетіХабарландыруАНТИКОРанонсМәселеСпортМаңғыстауБіле жүріңізДенсаулықТағайындау

      Автордың басқа да жазбалары

      IBF Головкинді чемпион атағынан айырды

      [ 2018 ] 7 маусым, 12:08
      1773

      Парақор туралы ақпарат берген адамға 240 мың теңге сыйақы беріледі

      [ 2018 ] 7 маусым, 11:55
      2008

      «AKTAU.GOV» мобильді қосымшаcы арқылы арыз жаза аласыз!

      [ 2018 ] 6 маусым, 07:38
      2299

      Ақтауда 97 үйге street art стилімен суреттер салынады

      [ 2018 ] 6 маусым, 06:08
      2456

      13-шағынаудандағы спорт алаңына FIFA стандартына сай газон төселіп жатыр (ФОТО)

      [ 2018 ] 5 маусым, 13:22
      1843

      «Ең басты өзгеріс - мән-мағынасы жоқ шаралардан бас тарттық»

      [ 2018 ] 5 маусым, 07:19
      2003

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»