©
Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов «Ақтау cерпіні» атты жаңа жобаны таныстыру барысында қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.
Шаһар басшысы қаланың бір бөлігінде, яғни 1-15 шағынаудан аралығында және 21-29 шағынаудан аралығында және өнеркәсіптік аймақта (9 өнеркәсіптік аймақ) егжей-тегжейлі жоспардың жоқтығын алға тартты.
"Бұл жерлердің ауданы - 9 140 Га. Бұлардың барлығы халық игілігіне берілген", - деген Ғалымжан Ниязов осы мәселені шешу үшін қаланың ескі бөлігі мен өнеркәсіптік аймаққа егжей-тегжейлі жоспар жасауды ұсынды. Бұл жер телімін тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек.
Ақтау қаласының бас жоспарында ауылшаруашылығы үшін жер жоқ. Осы мәселені шешу үшін Ақтау қаласының бас жоспарына түзету енгізіп, қаланың ауылшаруашылығы қызметін дамытпақ.
https://www.youtube.com/watch?v=Xh-cQbvD0Oo&t=25s"Маэк қазатомөнеркәсібі" мен "Ақтау-Құрық" жолындағы әскери қалашыққа дейінгі жер орын қаланың бас жоспарына сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорындарға резерв үшін қалдырылған. Бас жоспарға өзгеріс енгізіп, осы 150 Га жерді жылыжай отырғызуға арнамыз келеді", - деді Ғалымжан Ниязов.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтау қаласының әкімі Ғ.М. Ниязов әлеуметтік даму бойынша «Ақтау cерпіні» атты жаңа жобаны кеше Маңғыстау облысының әкімі Е.Л. Тоғжанов, сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары, қала ардагерлері, белсенді жастар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алдында таныстырған болатын.
15 қаңтардан бастап қала әкімінің халық алдындағы есептік кездесуі басталады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН