©
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақтың экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар кәсіпкерлерді марапаттады.
Жиында сөз алған өңір басшысы алдымен, облыстың даму көрсеткіштеріне тоқталды.
Аймақта шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 47 мыңға жетіп, 107% -ға ұлғайған.
Шағын кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны жұмыспен қамтылған халықтың 42% -ын құрып, былтырмен салыстырғанда 3 пайызға көбейген.
Өз кәсібін ашып, еңбек етіп жүргендер саны 112 мың адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 103,2%-ға артқан.
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 11 млрд.теңгеге 204 жоба қаржыландырылған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есе артып отыр. (2016 жылы 5,5 млрд.теңгеге 161 жоба)
Биыл 1400 жаңа жұмыс орыны ашылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп. (2016 жылы 460 жұмыс орны)
Елбасының тапсырмасына орай, өңірдегі орта және шағын бизнеске қолайлы жағдай жасау рейтингіне сәйкес, Респубилка бойынша Маңғыстау облысы 2-орынды иеленген.
«Әрбір өңірдің дамуының басты көрсеткіші шағын және орта бизнестің дамуымен көрінеді. Сондықтан Маңғыстау 2020 жылға қарай ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 30%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Осы орайда, өздеріңіз жақсы білетіндей жақында Маңғыстау облысы бойынша «Нұр Капитал» жаңа бизнес-жобасының тұсауын кестік. Соның аясында үлкен форум ұйымдастырылып, көптеген меморандумдарға қол қойылды. Жобаның мақсаты аймақтағы орта және шағын бизнесті қолдау әрі дамыту үшін 1 пайыз негізінде жеке кәсіп ашуға қол жеткізу. Бағдарламаны қаржыландыру «Даму» Қорының және «Өзенмұнайгаз» АҚ жер қойнауын пайдалану келісім-шарты аясында жергілікті атқарушы органға беретін қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын болады. Қаржыландыру көлемі әзірге 2 млд. 700 млн. тенгені, оның ішінде: «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 900 млн. теңге, «Даму» Қорының қаржысы – 1,8 млд. теңге. Қысқасы, орта және шағын бизнеспен айналысамын деген әрбір азаматқа толықтай мүмкіндік жасалынып отыр. Толықтай айтқанда, орта және шағын бизнеспен айналысамын деген әрбір азаматқа толықтай мүмкіндік жасалынып отыр. Ендеше, еңбек саласының ғана емес, сананың жаңғыруы да аса маңызды»,-деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов.
Сонымен қатар, шарада 30-ға жуық кәсіпкер мен қаржы ұйымдарының өкілдері Алғыс хат иеленді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="45394,45395,45396,45397"]