Бүгін Ақтауда «Алтын сапа» «Ұлы Дала елі», «Іскер» «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық, өңірлік байқаулардың жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.
Биыл «Алтын сапа» байқауына 101, «Қазақстанның үздік тауарына» 144 және «Ұлы дала елі» байқауына 19 компания қатысқан. Қатысушылар – республикалық деңгейде облыс намысын қорғап жүрген аймақтың кәсіп саласындағы үздік өкілдері.
«Алтын сапа» байқауы бойынша «Каскор-Машзауыт» АҚ үздік деп танылса, «Қазақстанның үздік тауары» жүлдесі «Zhamal-ai» LTD ЖШС-на бұйырды. Кәсіпкерлер палатасының «Іскер» арнайы сыйлығының иегері "Caspi Bitum" ЖШС атанды. «Ұлы дала елі» байқауында «"MKS Logistics"» жеңіске жетті.
Сондай-ақ, «Каскор-Машзауыт» АҚ директоры Жұмалы Ерғалиев «Адал» қайырымдылық қорының директоры Силина Виолеттаға миллион теңгелік қайырымдылық чегін табыстады.
1993 жылы өз жұмысын бастаған «Zhamal-ai» LTD ЖШС киім және аяқ киім шығарумен айналысады. Қазір мекемеде 160-тай жұмысшы қызмет етеді. Негізгі орталық Ақтау қаласында болғанымен, өнімдері Қазақстанның барлық аймағына тарайды. Бүгін кәсіпорын кезекті марапатына ие болды.
-2006 жылдан бастап Елбасымыз «Алтын сапа» байқауын жариялағанын білесіздер. Содан бері біз бұған жыл сайын қатысуға тырысамыз. «Маңғыстаудың үздік тауары» жүлдесін де бірнеше рет жеңіп алдық. Конкурсқа қатысар алдында өнімдерімізідің сапасы туралы сертификат, кәсіпорынның қаржылық қорытындылары, салықтардың төленгені туралы толық ақпараттар, құжаттар жинақтаймыз. Биыл республикалық «Алтын сапаның» дипломына, «Маңғыстаудың үздік тауары» бойынша жүлдеге ие болдық, - дейді «Zhamal-ai» LTD ЖШС басшысы Звира Хасанова.
Аталмыш байқаудың барлық қатысушысына арнайы Алғыс хаттар табысталды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="45406,45415,45414,45413,45412,45411,45410,45409,45407"]