Биыл тұңғыш рет Маңғыстауда «Үздік педагог» атты облыс әкімінің марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Салтанатты жиында ең үздік педагогтар мен білім беру ұйымдарына қаржылық сыйақылар берілді. Ұстаздарға арналған кеш «Caspian Riviera» қонақ үйінде өтті.
Үздік білім беру ұйымдары
«Ең үздік ауыл мектебі» номинациясын табыстау салтанаты ақын, журналист, филология ғылымдарының докторы Оңайгүл Тұржанға бұйырды.
- 1961 жылы Гагаринді ғарышқа ұшыруға дайындық болып жатқан ғимараттың аула сыпырушысынан журналист: «Сіз не істеп жатырсыз?» деп сұрапты. Сонда тазалықшы аула сыпырып жатырмын демей: «Мен ғарышқа адам ұшыруға дайындық жасап жатырмын» деген екен. Кішкене ғана жұмыспен мемлекет стратегиясын жүзеге асыруға ықпал ете алатындығын бір ауыз сөзімен түсіндіріп кеткен сол кісінің шешендігі әрбір мектепте отырған мұғалімнің еңбегіне әсерін тигізді деп ойлаймын. Ұстаздар жасасын! Бүгін ғажап күн! Ұстаздардың еңбегі ұлықталатын күн! Бүгін ең үздік ауыл мектебі атанған ұжымда үлкен мереке болатын күн... Сонымен 2017 жылы Маңғыстаудағы үздік ауыл мектебі атағына ие болған – Қызылтөбе лицейі, - деді Оңайгүл Тұрған.
Қызылтөбе лицейінің директорына Алғыс хат пен 1 миллион теңгелік сертификат берілді. Қызылтөбе лицейі – 5 жыл қатарынан білім саласы бойынша алғашқы мектептің бірі, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша бірінші орында, республика бойынша үздік 35 мектеп қатарында. Мектеп оқушылары – республикалық пәндік және ғылыми жұмыстар жеңімпаздары.
Ең үздік қала мектебі сыйлығын Жетібай кентінде өнер мектебін ашып, 30 жыл басқарған, Ұлт аспаптар оркестрінің негізін қалаған, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Орын Құлсариев табыстады. Айта кетейік, бұл номинацияда 23-орта мектеп, №11-мамандандырылған физика-математика мектебі, 28-орта мектебі байқауға түсті.
- Ұстаздардың марапаты құтты болғай! Облыстың өркендеуіне мұғалімдердің қосып отырған үлесі көп. Мен биыл 85-ке толып, 86-ға аяқ басып отырмын. Маған күш беріп келе жатқан – сіздердің рухтарыңыз, демеулеріңіз! Бәріңізге менің жасымды берсін, - деген тілегін айтты Орын ата Құлсариев.
Маңғыстаудағы ең үздік қала мектебі номинациясына №11-мамандандырылған физика-математика мектебі ие болды, мектеп ұжымына 1 миллион теңге сертификаты берілді. Физика-математика мектебінде республикалық үздік педагог грантының иегерлері, 15 оқушы математикадан республикалық басқару олимпиадасының, 10 оқушы республикалық пәндік олимпиадасының, 5 оқушы республикалық ғылыми жұмыстар жарысында жеңімпаз атанды.
Бұдан бөлек, 3 номинация бойынша әр білім беру ұйымына 1 млн. теңгеден табысталды:
Үздік педагогтар
Сонымен биыл Маңғыстау ұстаздары үшін қызықты номинациялар тағайындалған. Оның ішінде, үздік шығармашыл маман, үздік ұлттық дәстүрді насихаттаушы, үздік дарынды балалар жетекшісі деген атақтар да бар. Салтанатты жиында 10 номинация бойынша әр педагогқа 500 мың теңгеден табысталды, олар:
Көптен күткен «Үздік жыл педагогы» номинациясын марапаттайтын сәт те келіп жетті. Сонымен, бұл номинацияға Айманов Бауыржан Сағидоллаұлы ие болды. Облыс әкімі Е.Тоғжановтың арнайы марапатына ие болған Бауыржан Сағидоллаұлы 1 млн. теңге сертификат алды. Ол Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі. «Түркістан-20» халықаралық байқауының, «Үздік ғылыми баяндама авторы» номинациясының иегері, «Өлкетану» оқулығының авторы, «Қазақ тарихы», «Қазақстан тарихы» республикалық әдістемелік басылымдардағы мақалалар авторы. 11 оқушысы облыстық, 9 оқушысы республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері.
Айгүл ДӘДЕН
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="45439,45437,45435,45434,45433,45432,45430,45429,45428,45426,45425,45424"]