Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлерінің жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Жер астында 600-дей адам бар. Келіссөз жүріп жатыр. Кейінірек келіссөз қорытындысы жария етіледі", - деп мәлімдеді министр үкімет отырысынан кейін.
Еске салайық, 11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлері ауысымнан кейін жоғары қарай шықпай қойған. Наразылық танытып жатқандардың туыстары әлеуметтік желілерде жариялап жатқан мәліметтер бойынша, шахтерлер жалақыны өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр екен.