2017 жылдың 16 қарашасы күні сағат 12:30 шамасында Ақтау қалалық ІІБ кезекші бөліміне 1 шағын аудандағы «Ақбота» ойын-сауық саябағындағы жарық шамдар шағылғаны туралы хабарлама түскен.
Тексеру барысында кәмелет жасқа толмаған тұлғалар қыркүйек-қараша айлары аралығында 32 дана жарық шамдарын сындырғандары анықталған. Бұл дерек бір-біріне тас лақтырып ойнау барысында орын алған.
МО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ретінде кәмелет жасқа толмаған 5 жасөспірім анықталған. Олар 8-9 сынып оқушылары.
Осы аталған кәмелетке жасқа толмаған жасөспірімдерге ҚР ҚК-тің 291-бабының 1-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалып, аталған жасөспірімдер Ақтау ҚІІБ-на есепке алынды. Енді Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау комиссиясына әкімшілік жауапкершілікке тартуға ұсыныс жіберілмек.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА,
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН