Маңғыстау облысы аумағында 2017 жылдың 25-27 қазан күндері "Қаңғыбас" жедел-профилактикалық шарасы жүргізілді. Операцияның мақсаты - белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, оның ішінде басқа елдің азаматтарын анықтау.
Шара кезінде ІІД қызметкерлері тұрақты тұрғылықты жері жоқ 315 адамды тіркеді.
Маңғыстау облысы ІІД ҚПБ подполковник Алтынбек Қалиевтің мәлімдеуінше, үш қылмыскер ұсталған. Олар Ресей Федерациясы, Қарақалпақстан Республикасы және Батыс Қазақстан облысының ІІБ іздестірілуде болған. Сондай-ақ, екі жоғалған адамның орналасқан жері анықталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-тармағына сәйкес тұрғылықты жері жоқ адамдар жасаған 1 қылмыс ашылған.