29 қазанда Маңғыстау облыстық мәслихатының үш ауданында, Жаңаөзен қаласының бір ауданында, Мұнайлы және Қарақия аудандарында мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті.
Дауыс беру нәтижесінде Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Аббат Өрісбаевтың айтуынша, заңға сәйкес, Серікбай Трұмов депутат болған соң қала әкімі қызметінен босатылады.
Осыған орай, қала әкімі орынбасарларының бірі Нұрлыбай Аққұлов әкімнің уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды. Айта кетейік, Нұрлыбай Аққұлов бұл міндетті 4 қазаннан бері атқарып келеді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА